Оразалин: "Мешітте орысша уағыз айтудың еш әбестігі жоқ"

Dalanews 05 қаз. 2016 13:06 297

 Жақында мешiттерде ресми уағыздан кейiн қосымша оның орыс тiлiндегi түсiнiктемесiн беру ұсынылған болатын. Осы мәселеге орай baq.kz депутаттардың пiкiрiн сұрап бiліпті. 


 

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Сенаттың бұрынғы депутаты Нұрлан Оразалиннiң пайымдауынша, мешiтте қазақша уағыз оқылған соң, қосымша оның орыс тiлiнде түсiнiктемесiн берудiң еш әбестiгi жоқ.

«Орысша сөйлейтiн мұсылмандар бар ғой. Оның зияны жоқ деп ойлаймын. Дiнде тiл емес, дiнде ұғым, сенiм, наным деген болу керек. Орысша насихаттау тиiмдi болса, оның ешқандай зияны жоқ. Тек дiнге, қоғамға қарсы болмау керек, ондай жағдайда тоқтату қажет. Қазақ елiнiң тұтастығына қарсы болмауы тиiс», - дейдi сенатор.


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x