Қасымов: "Көшеде дәрет сындырған полицей үшін қатты ұялдым"

Dalanews 05 қаз. 2016 10:02 242

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Алматыда көше ортасында, көлік ішінде отырып дәрет сындырған полицейге қатысты түсініктеме берді. 

Бұл туралы Қазақпарат хабарлады. 

«Әрине, бұл өте ұятты жағдай. Ол тәртіптік комиссияның алдында жауап берді, жұмыстан шығарылды. Басқа полицейлер бойынша да жұмыстар атқарылуда. Тиісті шара қолданамыз. Нақты орын алған оқиға үшін бүкіл полицияның бет-бейнесі осындай екен деп айтуға болмайды», - деді ол бүгін үкімет отырысынан соң тілшілерге берген сұхбатында.

 Мұның алдында хабарлағанымыздай, Алматыда көлікте отырып дәрет сындырған Түркісіб аудандық Ішкі істер бөлімі полицейі жұмысынан қуылды.

«Көлікте отырған оның әріптесі атқарып отырған қызметінен босатылды, олардың басшысы да тәртіптік жазаға тартылды», - деді министр.

Еске сала кетейік, Motor.kz порталы осыған дейін Nissan Primera автокөлігінде отырып дәрет сындырған полиция қызметкерінің фотосын жариялаған болатын. Көліктің алдыңғы бөлігінде екінші полиция отырған. Басылымның хабарлауынша, фотосурет Қарасай батыр-Жароков көшелерінің қиылысында түсірілген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x