Бағлан Әбдірайымов: «Ninety One», бояйтын шаш, тағатын құлақ таппай қалып жүрмеңдер»

Dalanews 26 қыр. 2016 13:41 382

Әншілер арасында «Ninety One» тобын сынау міндетті дүниеге айналып бара жатқан сияқты. Бұдан бұрын аталған топты сынға алған Асхат Тарғынов пен Сәкен Майғазиевтің қатарына енді Бағлан Әбдірайымов қосылыпты. 

1431066318mp03c-235x
Бағлан Әбдірайымов
«Ерболат және 91 тобы! «Есің барда еліңді тап», — деген мақалды еске түсірейін.. Өнерлеріңе қарсы емеспін. Түрлеріңді өзгертіңдер! Қазақта намысы жоғары жігіттер баршылық. Бояйтын шаш, тағатын құлақ таппай қалып жүрмеңдер! Достық кеңесім!», — деп жазыпты әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x