«Өгей жүрек» сериалы: төсекке жатқызып, сүйістірмесе қазақтың киносы өтпей қала ма?

Dalanews 26 қыр. 2016 10:57 241

Белгілі блогер Айгүл Орынбек соңғы кездері жиі талқыланып жатқан «Өгей жүрек» сериалына қатысты өз пікірін білдіріпті. 
12640508_1691201161155904_6207814691388366754_o
Айгүл Орынбек
«Төсекке жатқызып, сүйістірмесе қазақтың киносы өтпей қала ма? Əлде продюссерлердің бəрі «озабоченный» ауру ма, төсекке тартып тұратын?!

Кешелі бері ютубтан «Өгей жүрек» деген сериал көріп жүрмін. Сериалдың идеясы жақсы, бірақ анау басты рөлде ойнаған

Кәмшат Жолдыбаева бір сериалда екі еркекпен ернін жұлып алардай сүйсіп отыр.

Оның алдында «Трактористің махаббаты » атты сериалға түскен кезде де солай сүйіскен еді.

Жалпы айтпағым, қазақ қыздарының ерніне кеседен артық дүние тимеу керек сияқты еді.
Біздің қыздар сериалға түсеміз деп, төсекке жатуға да намыстанбайтын жағдайға жетіпті.

Осы корей, үнді сериалдары сүйіспей- ақ сериалдарын өткізіп отыр ғой.

Неге солардан сабақ алмайсыңдар продюссерлер?

Əлде сендер ұлттың қыздарын бұзу керек деген бұйрық алып отырсыңдар ма?

Дəл осылай кете берсе, ұлттың жойылуы басталады. Өйткені қызы бұзылған ұлттың, өзі де бұзылады!».

Автордың Facebook`тегі парақшасынан алынды

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x