Қостанай тұрғыны: Елбасы келгенде күн нұрланып кетеді (видео)

Dalanews 26 қыр. 2016 06:15 189

Қостанай тұрғыны қалаға Елбасы келгенде күн нұрланып кететінін айтты. 
Қостанай тұрғыны бұл мәлімдемесін бірнеше күн бұрын Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында айтты.

«Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Елбасының Қостанайға келген күні қалада “Нұрлы күн” мерекесі орнайды. Нұрлы күн – бұл ең нұрлы, ең жарқын күн. Оның әр келгені табиғатты да қуантады. Ауа-райының тамаша болып тұруы кездейсоқ емес. Міне, бүгін де күн шуақты, ашық болып тұр. Тұрғындардың да жаны нұрланып, қуанышты көңіл-күйде”, – деді президентке жалынды сөздерін жаудырған келіншек.


https://www.youtube.com/watch?v=uXvIaKNYWiQ

Дереккөз: www.nur.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x