Жаңа министрлікті Б. Майлыбай басқарады деген сыбыс бар

Dalanews 10 қыр. 2016 07:31 270

Қазақстанда Дін істері және азаматтық қорғау министрлігі құрылмақшы. Мұндай ақпаратты сенімді дереккөздер хабарлап отыр.

Елдегі діни ахуалдың күннен-күнге ушығып, халық арасында үрей тудырған оқиғалардың уақыт өте көбеюі һәм салафизм ағымы ұстанушыларының қоғамда ара-тұра бой көрсетуі де үкіметтің осындай шешімге келуіне себеп болуы әбден мүмкін.

"Егер ақпар шындыққа айналған жағдайда жаңа мемлекеттік органның басшылығына Ақорданың идеологиясын жүргізіп отырған Бағлан Майлыбаев тағайындалуы тиіс" деген болжамдар айтылып жатыр.

Еске сала кетейік, кеше ғана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ҚР Премьер-министрі ҰҚК төрағасы болып тағайындалып, оның орнын Бақытжан Сағынтаев басқан болатын. Ал, вице-премьерлік қызметке Асқар Мамин жайғасқан еді.

Ұлт порталы


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x