Зайсанда сақ қорғандарына күмбез орнатылады

Dalanews 03 қыр. 2016 01:51 272

Шілікті жазығында орнатылатын арнайы ғимарат ежелгі тарихи қазбалардың сақталауын қамтамасыз етіп, туристерге археологиялық құндылықтармен танысуға мүмкіндік береді.
Облыс әкімі Зайсан ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Шілікті жазығында қазбалар жұмысы жасалған мекенде болды. Ең көне қорғанды зерттеу жұмыстары мамыр айында басталып, аяқталу үстінде. Ескерткіштің биікті сегіз жарым метр болса, ені 88 метрді құрап отыр. Аталмыш жәдігер біздің заманымызға дейін VІІ ғасырға жатады. Жермен көмкерілген ағаш кескіні таспен қашалып ұзақ сақталған. Ғалымдар жәдігерді зерттеген кезде екі адамның қойылған орнын тапқан.
Археологтар зерттеу жұмыстары барысында біздің ата-бабамыздың жоғары зергерлік шеберліктеріне көз жеткізді. Сақ тайпаларына тиесілі алты алтын бұйым дәстүрлі құс бейнесінде безендірілген. Сонымен қатар тарыдай кішкентай алтын түйінділер табылған. Бұл ұзақ бөлшектерге одан да кішкентай ілмек жасалып, киімдерге қадалған. Бұның барлығы сол кездің шеберлері ұзақ бөлшектермен жұмыс істеу техникасын жетік меңгергенін дәлелдейді.

#dalanews danial_akhmetov 03
Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға туристерге қорғандарды тамашалауға мүмкіндік беретін саркофаг құрылысының жобасын дайындауды тапсырды.
– Осында табылған қазбалар бірегей. Бұл біздің ата-бабамыздың зергерлік шеберлікті жоғары деңгейде меңгергенін көрсетеді. Сондықтан бұл жайында адамдар білу қажет. Осындай іспеттес күмбездің құрылысы Берелде басталды. Біз туристерді тарту үшін инфрақұрылымның бұл түрін дамытуымыз қажет, – деді Даниал Ахметов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x