Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов ауруханаға түсті

Dalanews 28 там. 2016 15:33 228

Өзбекстан Республикасының президенті Ислам Кәрімов ауруханаға түсіп қалыпты.

Бұл жайында BBC-дің орыс қызметі хабарлайды.

“Дәрігерлердің пікірінше, Кәрімов толықтай медициналық тексерістен өтіп, шамалы уақыт ем қабылдайтын болады”, – деп хабарлаған Өзбекстанның министрлер кабинеті.

Ал Орта Азияның саяси ахуалын жақсы білетін сарапшылардың айтуынша, соңғы кездері Кәрімовтың ауруханаға түсуі жиілеп кеткен...

Бұл жолы Өзбекстан президенті елдің Тәуелсіздік күнін тойлардың алдында ауруханаға жатып қалды.

Ислам Кәрімовтың нақты қандай себеппен медициналық көмекке мұқтаж болғандығын, ресми дерек көзі саналған министрлер кабинетінің ашып айтпауының өзі отқа май құйып отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x