Түрік билігі оппозиция жағындағы сириялық күрдтерге шабуылдады

Dalanews 27 там. 2016 10:58 241



24 тамызда Сирияның солтүстігіне енгізілген түрік әскері бейсенбі күні қарулы оппозиция бақылауындағы Джераблус қаласында күрд жасақтарының бекіністеріне шабуыл жасады.





Анкараның мәлімдеуінше, күрд әскері, бұған дейін АҚШ-пен келісілгендей, өз күштерін Евфрат өзенінің оң жағалауына көшірмей отыр, сол себепті Түркияның жағдайды реттеуге араласуға толық құқығы бар. Айта кетерлік жайт, америкалық мемлекеттік хатшы Джон Керри түрік әріптесі Мевлет Чавашоглумен телефон арқылы сөйлесіп, сириялық күрдтердің негізгі күштері Манбидж қаласына көшірілгенін хабарлаған.

Түркия Сириядағы операциясының басты мақсаты - шекаралас аудандардан "Ислам мемлекеті" экстремистік топтарын ығыстырып шығару екенін мәлімдеді. Бұл ретте Анкара оппозиция жағында соғысып жүрген сириялық күрдтерді жау деп есептейді, өйткені олар, Түркияның пікірінше, күрд сепаратистерімен байланыс орнатқан.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x