Мәдина Сәдуақасованың отбасымен Түркиядағы демалысы (фото)

Dalanews 27 там. 2016 10:29 264

Әнші Мәдина Сәдуақасова отбасымен бірге Түркияда демалып жатыр. Демалыс кезінде суретке түсіруден шаршаса керек, жолдасы бұл жолы ешқайда бармай, кешеннің ішінде қалуды ұсыныпты. Десе де, жолдасы райынан қайтып, отбасын әдеттегідей түрлі суретке түсірген екен. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші Мәдина Сәдуақасова отбасымен бірге Түркияның Белек қаласындағы “Regnum Carya Golf & Spa Resort” кешенінде демалып жатыр. Осыған дейінгі демалыстарында шаршаған жолдасы суретке түспестен, жәй ғана демалуды сұраған екен.

#dalanews madina_saduakasova01

“Отбасымызбен Түркиядамыз. Өткен демалыста Бали еліне MarkІІ камерасын алып барған, оған қоса менің телефоныма да түрлі фотосессия жасап әбден шаршаған Олжас бұл жолы бір демалыс орнын тауып, сол жерден шықпай демалуды ұсынды. Не деген тыныштық. Үйде тыным таппайсың, бітпейтін тіршілікпен тіпті қиялдауға, армандауға уақыт табылмайды”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.

#dalanews madina_saduakasova02

Әнші жабыққаннан ұлы басты рөлді сомдайтын сурет-телехикая түсірген болатын. Алайда бірнеше күннен кейін жолдасы райынан қайтып, отбасын әдеттегідей суретке түсіруге кірісіпті. Мұнымен қатар, аталған елде ұлы Әнуардың туған күнін де тойлап үлгерген екен.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x