Астана әкімі Рио Олимпиадасының жүлдегерлеріне джип мінгізді (фото)

Dalanews 24 там. 2016 04:32 171



Бүгін түнде Астанада Рио Олимпиадасының жүлдегерлерін салтанатты түрде күтіп алу шарасы өтті. 




Елордаға бокс және әйелдер күресінің ұлттық құрама спортшылары келді. Жүлдегерлерді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, спортшылардың туған-туысқандары мен жанкүйерлер қарсы алды.photo_67894

Ал елордалық спортшылар Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен күміс жүлдегерлер Василий Левит және Гүзел Манюроваға ерекше көңіл бөлінді. 

photo_67896

Астана әкімі спортшыларға жаңа көліктің кілтін табыс етті. 

photo_67898

Атап айтсақ, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке Toyota Land Cruiser 300 сыйға тартылды, өз кезегінде Левит пен

Манюрова дәл осы арадан Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін мініп кетті. 

photo_67902

Исекешевтың айтуынша, сыйлықтар мұнымен шектеліп қалмайды. Олимпиада жүлдегерлеріне Елордадан пәтер беріледі. 

photo_67901

"Спорттағы жоғары нәтижелеріңіз үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен сіздерге арнайы сыйлық дайындап қойдық.

photo_67899

Әрбір жүлдегерге Астанадан пәтер беріледі. Сіздер біздің батырларсыздар, батыр жаяу жүрмеуі керек. Сондықтан сендерге темір тұлпардың кілтін табыс еттік" деді Исекешев өз сөзінде. 

photo_67903

ФОТО: Тengrinews.kz

Дереккөз: kaz.365info.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x