Алматыда әйгілі сәнгер адам ұрлады деген күдікпен қамауға алынды

Dalanews 24 там. 2016 04:10 272

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер Sauvage бутигінің иесі Лилия Рахтың қамауға алынғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алмалы аудандық соты 1962 жылдың 11 қыркүйегінде дүниеге келген Рах Лилия Робертовнаны екі айға қамауға алу туралы шешім шығарғаны белгілі болды. Қалалық соттың өкілдерінің айтуынша, ол - "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып, қанау мақсатында адам ұрлау" бабы бойынша күдікті.

Айта кетейік, Лилия Рах Sauvage сән бутигінің иесі. 2015 жылы сән саласында әлемнің ең абыройлы 500 адамының тізіміне енген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x