Мырзағали Айтжанов: "Әділбек жеңілген жоқ, тағы да әділетсіздік болды"

Dalanews 18 там. 2016 19:42 289

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ақтық сында жеңіліп қалған Әділбек Ниязымбетовке қатысты пікірін білдірді.

81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ниязымбетов куба боксшы Хулио Ла Крусқа жол берді.

– Ақтық сында аталған салмақтағы әлемнің ең үздік боксшысы кездесті. Әділбек әлсіз боксшы емес. Бірақ оған әлемнің үш дүркін чемпионы қарсы тұрды. Ла Крус Әділбектен айласын асырды деп айта алмаймын. Ол қашып жүріп ұрысты. Дегенмен бұл бокс. Кубалықтың кейбір соққылары көздеген жеріне тиді. Алайда Әділбектің соққылары қарсыласына қарағанда нақтырақ болды. Соған қарамай әлемнің үш дүркін чемпионын нокдаунға жіберу оңай еместігін түсіну керек. Өз басым Әділбек жеңді деп ойлаймын. Залдағы көрермен де солай деп санайды. Кездесудің тамашалағандардың арасында «Қазақстан жеңді» айғайлағандар көп болды. Көрерменге алғыс айтамын. Солай бола тұра жеңіс бұйырмады. Енді Иван Дычконы дайындайтын боламыз.
Өз басым Әділбекке сендім. Сол себепті де Риоға алып келдім. Ол үмітті ақтады. Күміс медальдің иегері атанды, – деді Мырзағали Айтжанов. 

Дереккөз: vesti.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x