Блогер Ринат Кибраев жезөкшелерге жеңгетай болғаны үшін сотталды

Dalanews 11 там. 2016 10:16 259

Алматылық блогер Ринат Кибраев 1,5 жылға, оның әйелі Сайран Бекбергенова — 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматыдағы Алмалы аудандық сотында блогер Ринат Кибраев пен оның жұбайы Сайран Бекбергеноваға қатысты сот үкімі оқылды.

Ерлі-зайыптыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 309 бабы, 2 бөлігі бойынша (Жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысатын притон ұйымдастыру) айып тағылған болатын.

Кибраевтың әйелі Бекбергенова қазір жүкті екен, сол себепті сот оның жазасын өтеуін екі жылға кейінге шегеруге рұқсат берді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x