Алматыда жол үстінде төбелескен жүргізушілер жауапқа тартылды (видео)

Dalanews 11 там. 2016 05:45 242

Алматы полициясы ғаламторға жарияланған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Бейнежазба авторы екі автокөлік жүргізушілерінің арасындағы төбелесті түсіріп алған. Тексеру шаралары кезінде оқиғаның 9 тамыз күні, Жетісу ауданындағы Рысқұлов даңғылында болғаны анықталды.

«Істің анық-қанығына көз жеткізу үшін біздің бөлімшедегі іздестіру бөлімінің қызметкерлері екі автокөлік жүргізушісін Жетісу аудандық ІІБ әкелді. Жолда жүру ережесін бұзғаны үшін оларды ҚР ӘҚБК 597 бабы, 1 бөлімі, яғни көлік құралдарын тоқтату және тоқтап тұру қағидаларын бұзу бойынша жауапқа тартты. Жүргізушілер бір-біріне ешқандай айып тақпайтынын, ары қарай дауласудан бас тартқандарын айтты», - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД жергілікті полиция басшысы, полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов. 

https://www.youtube.com/watch?v=FKeKt3pFbEo

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x