Дмитрий мен Ниджат олимпиада чемпионы атанды

Dalanews 11 там. 2016 04:59 258




Сәрсенбіге келген Рио Олимпиадасының бесінші күні Қазақстан үшін сәтті болды. Қазақ елі командасының қоржыны екі алтын және бір күміс медальмен толықты, — деп хабарлайды kaz.365info.kz тілшісі.

[caption id="attachment_219807" align="alignright" width="300"] Ниджат Рахимов[/caption]

Алғашқы алтын медальді ауыр атлетикадан 77 келіге дейінгі салмақта өнер көсрсеткен атлетіміз Ниджат Рахимов жеңіп алды. Жұлқа көтеру сайысын 165 келімен үшінші орында аяқтаған жерлесіміз серпе көтеруде қарсыластарын қапы қалдыра білді. Алғашқы мүмкіндігінде 202 келіні бағындырған Ниджат, екінші мүмкіндігінде 214 келі салмақты ырқына көндірді. Сөйтіп, Олимп шыңына шығып қана қоймай, сонымен қатар әлем және олимпиада рекордтарын жаңартты.

Сонымен, жарыс қортындысы бойынша, екінші орынға Лондон олипиадасының чемпионы, қытайлық атлет Люй Сяоцзюнь ат басын тіресе, қола жүлде мысырлық зілтемірші Мұхаммед Махмұдке (361 келі) бұйырды.

[caption id="attachment_219813" align="alignright" width="300"]2aed8799b3831742557048f195e9a528 Дмитрий Баландин[/caption]

Бұл күні брасс әдісімен 200 метрге жүзуде Азия Ойындарының үш дүркін чемпионы Дмитрий Баландин Ниджаттың жеңісін жалғастырып, қазақ елінің қоржынына екінші алтын жүлдені салды.

Қазақстандық спортшы  200 метр қашықтықты 2:07:46 уақытта жүзіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынды америкалық Джош Прено (2:07.53) алды. Ал ресейлік Антон Чупков (2:08.08) үшінші орынды қанағат тұтты.

Ал қанжығасына 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль байлаған  Қазақстан құрамасы бес күннің қорытындысы бойынша11-ші орынға көтерілді.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x