Заттыбек: "Рахаттанып демалу үшін шет елге бару шарт емес" (фото)

Dalanews 10 там. 2016 06:32 216

Заттыбек Көпбосынұлы соңғы кездері өзінің Инстаграм парақшасында жылы жазбаларымен қуантып жүр. 

Жоқ, рас. Кейбір әншілер сияқты әлем-жәлем сурет салмайды. Ойлы, мағыналы дүниелер жазады. Бұл жолы да солай болды. Заттыбек қазақстандықтарды отандық туризмді дамытуға шақырыпты. 

"Рахаттанып демалу үшін шет елге бару шарт емес. Ол жақтағы күн де, теңіз де, құм да, балық та бәрі-бәрі біздің елде бар. Отандық туризмді дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалар емес адамның патриоттығы керек сияқты. Бір тамшы тамса да өз жерімізге тамсын деген ұстанымдағы әр азамат ішкі туризмді дамытушы. Әрине, шетел көрген жақсы ғой. Бірақ өз еліңнің туризімін дамытуға атсалысу одан да жақсы. Бүгін сөзден іске көшіп, Орал қаласы Дариян ауылының тамаша табиғатын көріп, тамсанып қайттық. Шіркін-ай осындай көрікті жерлер кеңінен насихатталса, ешкім шетелге демалысқа кетпес пе еді, кім білсін?!" – дейді әнші.

Бұған оның әлеуметтік желісіне тіркелген жазылушылары да қолдау білдірген екен.  

https://www.instagram.com/p/BIc-bMKjcGc/?taken-by=zattybek

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x