ШҚО жанкүйерлері олимпиадашыларды қолдау акциясын өткізді

Dalanews 09 там. 2016 05:37 193

ШҚО-да олимпиадашыларды қолдаған қалалықтар «Қазақстан» тауына жүгіріп шықты.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларды қолдауға арналған марафонға 200-ге жуық адам қатысты. Шара барысында әрбір қатысушы биіктігі 522 метр болатын «Қазақстан» тауына жүгіріп шығып, олимпиадашыларға өзінің қолдауын білдірді.

Марафонға еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қатысты. Дәлірек айтсақ, бір жастағы сәби ең кішкентай қатысушысы ретінде анықталды. Сондай-ақ, шаһардың белсенді жастарымен қатар, спорт ардагерлері де қалыс қалмады.

Аталған шараға белгілі павлодарлық әуесқой велошабандоз Өміржан Ошанов та қатысты. Жуырда Павлодарқаласынан саяхатын бастаған велошабандоз Өскемен қаласы арқылы Моңғолия, Ресей және Қытай елдеріне сапар шекпекші. Өзінің бұл сапарын ол Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап отыр.

Айта кетсек, Риода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 26 спорт түріненел намысын қорғайтын 104 спортшының 6-уы Шығыс Қазақстан облысынан қатысып отыр.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x