Василий Левит қытайлық боксшыны нокаутпен жеңді

Dalanews 09 там. 2016 04:27 172

Риодағы Олимпиада ойындарында бокстан 91 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Василий Левит жеңіске жетті. 

Қазақстандық боксшы қытайлық Юй Фэнкайды оңдырмай сабады. Жерлесіміздің жойқын соққыларына шыдамаған қарсыласы екінші раунда-ақ берілді. Левит техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетсек, бұған дейін шаршы алаңға шыққан боксшыларымыз Біржан Жақыпов пен Жәнібек Әлімханұлы өз кездесулерін сәтті бастаған тұғын.

Ал Левиттің жеңісі несімен құнды? Себебі, бұған дейін дәл осы салмақта қазақ боксшылары Олимпиадаға бармаған. Еліміз егемендік алғалы бері 91 келідегі боксшыларымыз Олимп шыңын бағындыруға қанша талпынғанымен, төртжылдықтың басты додасына жолдары түспеп еді.
Анықтама: Василий Левит

Туған күні/жылы: 24.02.1988

Туған жері: Қостанай облысы

Салмағы: 91 келі

Жетістігі:

2009, 2011 жылдары Қазақстан чемпионы;

2009 жылы Азия чемпионы;

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x