Жоғалған Сафар Шәкеевтің мәйіті Есентай өзенінен табылды

Dalanews 28 шіл. 2016 07:18 272

16 шілде күні жоғалған Сафар Шәкеевтің мәйіті бүгін Есентай өзенінен табылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек мәйіттің қалтасынан табылған құжаттар оның С. Шәкеев екенін растайтынын хабарлаған.

Қазір мәйітке сот-медициналық сараптама тағайындалған. Марқұмның қайтыс болу себептерін тергеу анықтайтын болады.

Бұған дейін 16 шілде күні композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы С. Шәкеевтің жоғалғаны туралы хабарланған болатын. оны іздеу жұмысына атты полиция мен тікұшақ, Ұлттық ұлан жауынгерлерін жұмылдыру туралы шешім қабылданған еді.

1-26 2-19 5I9A8490-1 5I9A8491-1 5I9A8493-1 5I9A8497-1 5I9A8499-1 5I9A8505-1 5I9A8508-1 5I9A8511

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x