Шымкент әкімі жерді сату жəне жалға беруге қарсы митинг өткізуге рұқсат бермей қойды

Dalanews 28 шіл. 2016 03:55 154



Шымкент әкімдігі қала белсенділерінің жерді сату жəне жалға беруге қарсы 30 шілдеде митинг өткізу туралы өтініштерін тағы қабылдамай тастады. Бұл туралы Азаттыққа белсенді Ибраһим Əлсерке хабарлады.






Ибраһим Əлсеркенің айтуынша, 7 шілде күні бірнеше қоғам белсендісі жер туралы Қазақстан заңнамаларының дұрыс орындалмағанына қатысты халық наразылығын жеткізу мақсатында Абай саябағының Даңқ мемориалы алаңында митинг өткізуге рұқсат сұрап қалалық әкімдікке өтініш берген.

- Əкімдік митинг өткізуге біз сұраған Даңқ мемориалының айналасындағы көгалды 30-31 шілде күндері дәрілейтін болғандықтан рұқсат бермейтінін айтып өтінішімізді кері қайтарды. Әкімдіктің бұл жауабын тексеру үшін 30 шілде күні алаңға барамын. Біз заңды түрде рұқсат бермегенше әкімдікке өтініш білдіре береміз, - дейді белсенді.


Шымкент қаласы əкімдігі осыған дейін белсенділерге жерді сату жəне жалға беруге қарсылық ретінде екі рет - 21 мамыр және 6 шілдеде митинг өткізуге рұқсат бермеген еді.





Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x