Қызылорда облысында ауыл әкімі ұсталды

Dalanews 21 шіл. 2016 05:46 282

Қызылорда облысында жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беру үшін пара алған ауыл әкімі ұсталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті Сырдария ауданы Бесарық ауылдық округінің әкімі Қ.Смағұловты қылмыс үстінде ұстады, делінген Ұлттық бюроның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, Қ.Смағұлов ҚР заңнамасында белгіленген ережелерді сақтамай, жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беру үшін жеке тұлғадан 200 000 теңге көлемінде пара алған.

Қазір аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x