Қырғыздар шенеуніктерді қызметтен босатудың тәртібін енгізді

Dalanews 20 шіл. 2016 16:00 245

Президент Алмазбек Атамбаев «Қырғыз республикасының үкіметі» туралы конституциялық заң жобасына қол қойды. Онда үкімет мүшелерін қызметтерінен босату тәртібі қарастырылған деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қолданыстағы конституциялық заңның 24-бабында үкімет мүшелерін қандай тәртіппен қызметтерінен босататыны жөнінде айтылмаған. Бұл олқылықты түзету үшін тиісті өзгерістер енгізілді. Онда премьер-министр дәлелді айғақтар ұсынған жағдайда, президент үкімет мүшелерін қызметтерінен босатады делінген.

Сонымен бірге жаңа заңда көрсетілгендей, үкімет отырысында қабылданған шешімдерге, үкімет мүшелері жария түрде қарсы шықпауы тиіс.

 

«ҚмД» ақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x