Алматыда тағы бір полицей көз жұмды

Dalanews 19 шіл. 2016 09:20 260

Алматыда кеше террорлық акті кезінде жараланған полицей Тимур Бегасылов көз жұмды, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бүгін сағат 13:45-те жедел жәрдем ауруханасының жан сақтау бөлімінде жол-патрульдік полиция батальоны қызметінің аға инспекторы, полиция лейтенанты Тимур Бегасылов қайтыс болды», - деп мәлімдеді Алматы ІІД-дан.

Полиция таратқан ақпарға сүйенсек, 1986 жылғы Тимур Бегасылов күдікті Руслан Куликбаевты ұстау кезінде жараланған. Ауруханаға полицей ауыр хәлде жеткізілді. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, жас жігітті өлімнен арашалап қала алмады.

Полиция лейтенанты Тимур Тілеуұлы Бегасылов ішкі істер органдарында былтырғы жылдың қаңтарынан бері қызмет еткен.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x