Қытайда аударыспақтан Ашық Азия чемпионаты өтті

Dalanews 19 шіл. 2016 09:14 231

Қытай Халық Республикасы, Іле-қазақ автономиялық облысы, Өртекес ауданында Аударыспақтан ІІ Ашық Азия чемпионаты жалауын желбіретті. Дүбірлі доданың бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.

Ашылу салтанатында сөз алған ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан екі ел арасындағы ерекше достықты тілге тиек етті.

– Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы көршілес ел ғана емес, бізді берік достық, ауызбіршілік, ынтымақтастық әріптестік байланыстырады. Осының арқасында біздің Ұлттық спорт түрлері ерекше қарқынмен дамып, үлкен жетістікке жетіп отыр. Сөзімнің дәлелі бүгінгі Аударыспақтан ІІ Ашық Азия чемпионаты, – деді.

dalanews bekbolat_tileuhan.jpeg01

 

Дереккөзі: «Жас қазақ» газеті

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x