Е.Қарин: «Елiмiзде лаңкестiк актiлер қайталануы мүмкiн»

Dalanews 19 шіл. 2016 08:49 307

ҚР Президентi жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин ОКҚ брифингi барысында елiмiзде лаңкестiк актiлер қайталануы мүмкiн деп мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Алматыда болған қайғылы оқиғалар бiз, яғни, қоғам мен мемлекет үшiн үлкен сабақ болды. Сондай-ақ, бұл осы қауiптерге қарсы әрекет ету проблемаларын шешуде күш бiрiктiруге ықпал етпек. Бiз сыртта, Орталық Азия аймағындағы лаңкестiк актiлерге назар аударамыз деп, iштегi «ұйқыда жатқан» ошақтарды байқамадық. Менiң ойымша, осы қауiп-қатердi мемлекет пен қоғам деңгейiнде дұрыс бағаламау жалпы ахуалға ықпал етiп отыр. 2011-2012 жылдардағы оқиғалардан кейiн барлығы жылдам басылып қалды. Болған оқиғалар радикализмнiң бiр реттiк көтерiлiстерi деп бағаланды. Өкiнiшке қарай, мемлекет пен қоғамға терроризммен ұзақ күреске дайындалу керек», - дейдi Е.Қарин.

Сарапшының айтуынша, кеше Алматыда болған және маусымның басында Ақтөбеде болған оқиғалардан кейiн осындай қылмыстардың қайталану қаупi бар.

Естеріңізге салып өтсек, Алматыда Абай-Байзақов көшелерінің қиылысында, ҰҚКД ғимаратына таяу маңда Руслан Куликбаев есімді қаруланған жігіт адамдарға оқ жаудырды. Жаралыларды жедел жәрдем бригадасы ауруханаға алып кетті. Тәртіп сақшылары қаскөйлердің бірін қолға түсірген, екіншісіне іздеу жарияланды. Қарулы шабуылға байланысты Алматы аумағында террорлық қауіптің «қызыл» деңгейі жарияланды. Дәл осы күні кешке бұл деңгей жойылды. Кейінірек ішкі істер органдарының қызметкерлері тәртіп сақшыларына оқ атқан қаскөйдің қасында болған екінші адамды да ұстады. Анықтау барысында оның кепіл тұтқын екені белгілі болды.

Атыс салдарынан Алматының медициналық ұйымдарында 8 адам ем қабылдап жатыр. Атыс кезінде 3 полицей, 1 шекарашы және 1 тұрғын көз жұмып, 6 полицей мен 3 тұрғын жараланды. Алматыдағы терактінің толық картинасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

 

Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ

 

(фото Қазақпарат сайтынан алынды)

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x