Президент Алматыдағы оқиғаны теракт деп бағалады

Dalanews 18 шіл. 2016 13:25 250

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізіп, Алматыда орын алған оқиғаны теракты деп атады деп хабарлайды dalanews.kz сайты.

– Өкінішке орай, бүгін Алматыда лаңкестік оқиға орын алып, бірнеше адам құрбан болды. Оқиға кезінде мерт болған азаматтардың отбасылары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Жарақат алып, зардап шеккендерге психологиялық, моральдық көмек толықтай көрсетілуде. Құқық қорғау органдары оқиғаның қайталанбауы үшін барлық шараларды қарастыруда, – деді.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов пен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы В.Жұмақанов баяндама жасады.

Өз кезегінде Елбасы халықты жалған ақпараттың жетегінде кетпей, сабырлы болуға шақырды.

Кеңес соңында Елбасы Ішкі істер министріне оқиға орынына барып, Алматы қаласының әкімімен бірге тергеу-тексеру жұмыстарын бақылауға алып, қаладағы жағдайды тұрақтандыру үшін қажетті іс-шараларды қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрілігіне халыққа шынайы ақпаратты жеткізіп, ел тұрғындарының әрбір сұрағына тиянақты жауап беруді тапсырды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x