Атыстан зардап шеккен 8 адамға қажетті медициналық көмектің бәрі көрсетілуде

Dalanews 18 шіл. 2016 12:59 208

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бүгін таңертең қалада орын алған атыс салдарынан зардап шеккен 8 адам қалалық медициналық ұйымдарда ем алуда.

Жедел көмек ауруханасына 5 адам, орталық қалалық клиникалық ауруханасына 2 адам, А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығына 1 адам жатқызылды.

Пациенттердің жағдайы ауыр деп бағалануда. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Ауруханалар керекті дәрілік заттармен толыққанды қамтамасыз етілген. Республикалық санитарлық авиация орталығы дайын тәртіпте.

 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x