Алматыдағы атыс: бір қылмыскер қолға түсті (видео)

Dalanews 18 шіл. 2016 06:48 243

Бүгін Алматыдағы Никольский базарының аумағында атыс болды. Ол жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Басқарманың маңайы қоршауға алынып, көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай қойды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, атыс қаланың тағы екі ауданында болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

dalanews almaty021Әзірше, аталған оқиғаға қатысты ресми мәлімет жоқ. Алайда куәгерлер әлеуметтік желілер арқылы оқиға орнында көргендерін жазып жатыр. Олардың мәліметіне сәйкес, атысты бір адам емес, бірнеше адам ашқан. Полицейлер қылмыскерлердің бір сыбайласын атып тастады, екі полицей жарақаттанды деген ақпарат болды.

«Атыс болды. Автомат асынған біреу атып шықты да, Әуезов атындағы театр жаққа жүгірді. Сол жерде Лада көлігін ұстап, тайып тұрды. Оның бір сыбайласын полицейлер атып тастады», - дейді куәгерлердің біреуі. Полицейлер атыс ашқан ер адамның сыбайласын атып өлтіргендерін растады. Атыс кезінде жарақат алған бес ер адам жедел медициналық жәрдем ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды. Олардың аты-жөні әлі белгісіз.

 

https://www.youtube.com/watch?v=bs9qo8VVJco

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x