Алматыда атыстан полиция қызметкерлері жарақат алды

Dalanews 18 шіл. 2016 06:01 279

Алматы қаласында атыс салдарынан полиция қызметкерлері жарақат алды. Басқа да жарақат алғандар бар.

Қазіргі сәтте, ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаментінің ғимараты, Алмалы ауданының Ішкі істер басқармасы аумағы, Абай даңғылы мен Байзақов көшесі қиылысында, Абылай хан даңғылы мен Қазыбек би көшесі аумағы оқшауланды.

«Абай даңғылы мен Байзақов көшесінің қиылысында, яғни ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің ғимараты алдында қара киінген белгісіз біреу екі адамды атып құлатқан. Сондай-ақ, Абылай хан мен Төле би көшесінің қиылысында да тәртіп сақшыларымен белгісіз біреулер арасында атыс болған», – дейді куәгерлер.

 

Дереккөзі: Қазақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x