Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынды

Dalanews 18 шіл. 2016 05:34 326

Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Куәгерлердің айтуынша, Никольский базарының аумағында атыс болып жатыр. Бұл жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Сонымен қатар, куәгерлер көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай отыр екен.

dalanews almaty01Таяу маңда орналасқан кеңседегілердің айтуынша, 10 рет оқ атылған. "Бастапқыда тапаншамен бір-бірден оқ атылды, кейін жылдам атыла бастады. Белгісіз біреу қолына автомат ұстап алып, Байтұрсынов көшесінің бойымен жүгіріп өтті, кейін артынан полицейлер қуды", – дейді олар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x