Түркияда әскери төңкеріс жасау әрекеті болды (ФОТО/ВИДЕО)

Dalanews 16 шіл. 2016 02:45 335

Түркияның Премьер-министрі Бинали Йылдырым елде әскери төңкеріс жасауға әрекет жасалғандығы жөнінде мәлім етті, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Бұған дейін Анкара үстінде әскери ұшақтар мен тікұшақтар пайда болып, атыс дыбыстары естілгені хабарланған еді.

Түркияның Бас штабы президенттің биліктен тайдырылып, елді басқаруды қолға алғандарын мәлімдеді. Әскерилер билік қалпында қалып, барлық халықаралық байланыстар сақталатындығына сендірді, деп хабарлайды Telegraph.

dalanews ankaraАнкара және Ыстамбұл прокурорлары төңкеріс жасауға қатысы бар әскерилерге қатысты тергеуді бастады, бұл туралы елдің әділет министрі Бекир Боздаг мәлімдеді.

Сонымен бірге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қауіпсіз жерде, кейін мәлімдеме жасайды, деп хабарлады Reuters агенттігі.dalanews ankara03

Telegraph-тың хабарлауынша, Босфор бұғазының үстінен өтетін екі көпірді түрік полициясының қауіпсіздікке жауап беретін бөлімі - жандармерия жауып тастады, Ататүрік атындағы әуежай да жабылды, онда танкілер жіберілді.

dalanews ankara02

Түркияның мемлекеттік телеарнасы төңкеріс кезінде хабар таратуын тоқтатты, әлеуметтік желілер шектелді. Алайда бірқатар видеолар мен суреттер әлемге таралып кетті.

Ыстамбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығының кезекші коменданты ҚазАқпаратқа телефон арқылы, консулдықтың барлық жауапты қызметкерлері жағдайды жіті бағалау үшін қалада жүргендігін хабарлады. Түркиядағы жағдай және ондағы еліміздің азаматтары жөнінде білу үшін ҚазАқпарат Анкарадағы Қазақстан Елшілігіне хабарласуға әрекет етті, алайда қоңырау шалу мүмкін болмады.

https://www.youtube.com/watch?v=Xyhemz3Az4c

 

Қазақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x