Шығыста жыл соңына дейін 35 балабақша ашылады

Dalanews 15 шіл. 2016 13:21 200

Балабақша кезегін азайту мақсатында өңірде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмі кеңінен қолданылып келеді. Жыл соңына дейін 3 мың орынға арналған 35 балабақша ашылса, соның 19 жеке меншік болып табылады.

Шығыс Қазақстанда балабақшаға кезекті азайту мақсатында бірқатар шаралар қабылдануда. Мұнда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмдері ауқымды пайдалану үстінде. Жалпы, облыс бойынша 3 пен 6 жас аралығындағы 4737 бала балабақша кезегінде тұр, оның ішінде Өскемен қаласында – 2140, Семейде – 1674, Зырян ауданында – 348, Риддерде – 272 бала. Жыл соңына дейін 3 мың орынға арналған 35 балабақша ашылса, соның 19 жеке меншік болып табылады.

– Бізде балабақша айтулы кезек бар. Сондықтан, біз бұл мәселені шешуіміз қажет, – деді Даниал Ахметов облыстық мәслихат сессиясы кезінде берген есебінің барысында.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар апаттық жағдайдағы мектептер мәселесін 2018 жылға қарай толығымен шешуді жоспарлап отыр. Облыс әкімі Даниал Ахметов атап өткендей, ағымдағы жылы жеті жаңа мектеп, оның ішінде алтауы апаттық мектептердің орнына қолданысқа беріледі.

 

«ҚмД» ақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x