ҰҚК: Төлешов ісі бойынша 25 адам жауапқа тартылды

Dalanews 11 шіл. 2016 05:49 227

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада өткен баспасөз мәслихатында Тоқтар Төлешовке қатысты қылмыстық істің негізгі эпизодтары бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады.

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

ҰҚК мәлімдеуінше, Төлешов ісі бойынша 25 адам жауапқа тартылған және 300 жуық адам куәгер ретінде жауап беріп жатыр.
Комитет өзі таратқан мәлімдемеде "Төлешов трансұлттық қылмыстық қоғамды қаржыландырған және қаруланған топты құрып, басқарған. Ол басқарған қылмыстық топ адам өлтіру, қастандық жасау, адам ұрлау, заңсыз бостандықтан айыру, қарақшылық қылмыстарын жасаған" деп жазған.

ҰҚК Төлешов пен оның сыйбайластары Қазақстан аумағында жаппай тәртіпсіздік пен наразылық акцияларын ұйымдастыру арқылы билікті күшпен тартып алмақ болғанын да мәлімдеді.

Қаңтарда ұсталған кәсіпкер Тоқтар Төлешовті қамауға алу туралы санкцияны Астананың Алматы аудандық 2-соты ақпанның 1-і күні шығарған еді. Төлешов қылмыстық кодекстің 266-бабы ("қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу") және 297-бабы ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша күдікті деп танылған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x