Кәрімов өзін көсем ретінде дәріптеуге тыйым салды

Dalanews 05 шіл. 2016 04:14 180

Өзбекстанның Термез ауданындағы жұртпен жүздесуде Ислам Каримов Өзбекстандағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа сіңірген еңбегі үшін өзін мадақтаған ақсақалдың сөзін бөліп, көсем ретінде дәріптелуіне "жеке басы қарсы" екенін мәлімдеді.

"Жоғарыда көсем отыр деген мағынадағы сөздерді жиі қолданғанымыз дұрыс болмайды. Барлығымыз ақылмен өмір сүруіміз керек. Бәріміз де адамбыз. Бәріміздің де ақылымыз, өмірге деген көзқарасымыз бар. Осы тұрғыдан алғанда, "жоғарыда отырғандар не істеу керектігін біледі, біз солардың жарлықтарын ғана орындаймыз" деген секілді әңгімелердің барлығы баяғыда артта қалған", - деп мәлімдеді Термез ауданындағы кездесуде Ислам Каримов.

Оның айтуынша, Өзбекстан үкіметі "өз пікірі бар тәуелсіз жастарды" тәрбиелеп келеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x