Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған журналистер байқауы

Dalanews 29 мау. 2016 00:50 378

Журналистер арасында өтетін қалалық «Мың жасаған Алматы» байқауы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын, Алматы қаласының 1000 жылдығын және Алматы қаласының бүгінгі тыныс-тіршілігін насихаттау, журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу және ынталандыру, сондай-ақ журналистер қауымын Қазақстан Республикасы Президентінің Бес институционалдық реформасы - Ұлт жоспарын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамды жүзеге асыру барысын жариялауға тарту мақсатында өткізіледі.

2016 жылғы 28 маусымнан 2016 жылғы 5 қыркүйекке дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері, түрлі жанрлардағы очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, журналистік зерттеулер және тағы басқалар қабылданады.

Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) және материалдардың MS Word форматындағы электронды нұсқасы міндетті түрде ұсынылуы тиіс.

Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс.

Электрондық БАҚ журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.

Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

Ұсынылатын материалдарға БАҚ пен журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, 3х4 см. суреті, ақпараттық материалдар тізімі қоса беріледі. Бір БАҚ не журналист ұсынатын материалдардың саны 5-тен аспайды. Байқаудың толық ережесімен Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы сайтының «Хабарландыру» бөлімінде танысуға болады (http://uvp.almaty.kz).

Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша байқауды жалпы қорытындылау аясында іске асырылады:

  1. Үздік видеосюжет; 2. Үздік радио-сюжет; 3. БАҚ-тағы үздік жарияланым; 4. Интернет-ресурстардағы үздік жарияланым; 5. Ақпараттық агенттіктердің ленталарында жарияланған үздік материал; 6. Үздік фотоматериал; 7. Үздік жас журналист; 8. Үздік блогер.


Байқауға материалдар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Жандосов көш. 1/1, (Байзақов көшесінің қиылысы) тел.: +7 7272 50 23 55, «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі, электрондық пошта: jeruik.almaty@mail.ru.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x