«ҚазАгро» 1342 ауыл шаруашылығы техникасын алуға мүмкіндік туғызды

Dalanews 15 мау. 2016 23:11 193

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі 2016 жылғы егістік науқанын қаржыландырудың алдын ала қорытындысын жариялады. Жалпы көктемгі егіс жұмыстарының барысында холдинг компанияларымен бүгінге дейін 65,3 млрд. теңге бөліп,  2 842 ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржыландырған. Аталған қаражат 5,8 млн. гектар жерге қажет агротехникалық іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл ағымдағы жылғы республиканың барлық егістік алаңының үштен бір бөлігі.

Бұдан басқа, шаруашылықтар мен агроқұрылымдардың машина-трактор паркін жаңартуға бағытталған Ұлттық холдингтің лизинг бағдарламалары шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ компаниясымен жиынтық сомасы 18,11 млрд. теңгенің 1 342 бірлік ауылшаруашылық техникасын жеткізуге шарттар жасады. Оның  817 бірлігі – бұл егістік техникасы.

Ағымдағы жылы көктемгі егу және жинау жұмыстарын жүргізуге «ҚазАгро» ұлттық холдингіне 60 млрд. теңге сомасындағы бюджеттік несие бөлінген. АШТӨ әрі қарай қаржыландыру үшін, сондай-ақ аграрлар үшін несие ресурстарына қолжетімділікті арттыру мақсатында қаражат холдингтің еншілес компаниялары – Аграрлық несие корпорациясы және Азық-түлік корпорациясының, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің арасында қарыз түрінде бөлінді.

КЕжЖЖ қаржыландыру «ҚазАгро» холдингі компаниясы тобының меншікті қаражаты есебінен де жүзеге асырылады. Соның ішінде Несие серіктестіктерінің кеңейтілген желісін пайдалану арқылы. Бұл аграрлық шаруашылықтарды бөлінген бюджеттік қаражаттың үстінен  қаржыландыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі күнгі жағдайда қаржыландыруға өтінімдерді  қабылдау жалғасуда.

2016 жылғы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарының айырықша ерекшелігі республикада шаруа қожалықтарын өндірістік кооперативтерге біріктіру процестерін белсенді кеңейту болды. Өткен жылы «ҚазАгро» ұлттық холдингі пилоттық режимде ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландырудың жаңа схемасын іске қосқанын еске саламыз, ол кооперация және ортақ жауапкершілік  принциптерінде астық өндірушілерін біріктіруді болжайды. Үш кооперативтің базасында іске асырылған жоба астық өндіруші-шаруашылықтарды біріктіру жөніндегі қозғалысқа өсті. Бүгінде республикада «ҚазАгро» холдингінің қаржылай қолдауымен 10 ауылдық өндіріс кооперативтері егістік жұмыстарын жүргізді, оған елдің төрт егістікпен айналысатын аймақтарының 200-ден астам шаруашылығы кірді. Ұлттық холдингтің бастамасы ауылдағы бизнесті қаржыландыру процессіне екінші деңгейдегі банктерді белсенді тартуды ынталандырады. Қазіргі уақытта жұмыс істейтін кооперативтер жалпы сомасы 7,9 млрд.теңге сомасына «Банк «Bank RBK» және «Банк Астана» АҚ арқылы қаржыландырылды.

Облыстар  әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша ағымдағы жылдың 15 маусымына ауылшаруашылығы дақылдары 18,5 млн. га себілген. Бұл 2016 жылдың жаздық егісінің 100% құрайды.

«ҚазАгро» холдингі» АҚ Баспасөз қызметі 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x