Қазақстанда қанша салафит бар?

Dalanews 10 мау. 2016 03:25 336



ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Дін істер комитетінің төрағасы Ғалым Шойкиннің айтуынша, Қазақстандағы салафиттердің саны 15 мың адамға жеткен. 




"Кейбір өңірлерде тамырын тереңге жайып үлгерген діни ағымдар, соның ішінде салафизмді ұстанушылардың саны Қазақстанда 15 мың адамға жетті. Олармен Дін істері комитетіне қарасты теолог-мамандар, облыстардағы дін істері жөніндегі басқармалар және мен мүфтияттың мамандары қызу жұмыстар жүргізіп жатыр", - деді Ғ.Шойкин.

Оның айтуынша, діни көзқарасы үшін сотталғандармен түрмеде де оалту жұмыстары жүргізіледі екен. Нәтижесінде 300 сотталушы салафиттік көзқарасынан айныған.

"Жалпы айтқанда, соңғы екі жылда мұндай ағымдарды ұстанушылардың қатары кеміді. Бірақ, бұл бізге белгілісі ғана. Біз білмейтін радикалдар қаншама. Олардың сырт келбеті мүлдем күдіксіз болуы мүмкін. Сондықтан, радикалды ойынан айнығандардың өздерін және олардың туған-туыстарын ұзақ уақыт бойы бақылауда ұстау керек, яғни алдын алу шаралары кешенді жүргізілуі тиіс", - деп атап өтті комитет төрағасы.

Дереккөз: sn.k




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x