ЭКСПО: Үсенов мерзімінен бұрын босай ма?

Dalanews 08 мау. 2016 00:56 258

ЭКСПО ісі бойынша қамаудан отырған Қажымұқан Үсенов небары 2 жылға сотталды. Оған бұл кесім "өзгенің сеніп тапсырған мүлкін заңсыз пайдаланды", "қызмет өкілетін заңсыз пайдаланды" деген айып тағылған.

Үсеновті ел ұлы арқылы таныды. Алматыда кісі қағып өлтіріп, жүргізу куәлігінен айырылған ол көп өтпей тағы да көлік оқиғасын тудырған еді. Ешқандай жауапкершілікке тартылмай, Алматыда заңсыз көлік айдап, алшаң басып жүрген кіші Үсенов туралы ел "Астанадағы өте беделді адамдардың біріінң баласы" болғандықтан, оған сот жоқ деп шулаған. Ол кезде Қажымұқан Үсеновті ешкім танымайтын. Көп өтпей ЭКСПО бойынша қамауға алынған ол үйқамақта тура бір жылдай уақыт отырды.

Егер ол сотқа өтініш түсіріп, өзін түрмеден кепіл қаржымен босатуын сұраса, көп өтпей бостандыққа шығуы мүмкін. Өйткені, ол жаза мерзімінің тең жартысын өтеп үлгерген болып есептеледі.

ЭКСПО ісін жіті бақылап отырған адамдар мұның бәрі ойын, ақшаға талас деп түсіндіруге бейім. Ермегияевты соттау, одан кек алу яки ЭКСПО қаржысына ие болу үшін қолдан жасалған шантаж деген пікір көп.

Талғат Ермегияев болса өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын, ақша жымқырды дегенге нақты дәлелдері жоқ екенін айтып, "кейбір мүдделі топтар" оның сотталуына ывқпал жасау үшін тырысып жатқанын жеткізген.

Бас айыпталушы Ермегияевтан өзге 11 адамға бүгін үкім оқылды. Олардың алды айыппұлмен босаса, бірнешеуі бірнеше жылға сотталды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x