Әйгілі Мұхаммед Әли өмірден озды

Dalanews 03 мау. 2016 23:19 350

Аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әли 74 жасында дүниеден озды, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы NBC News порталына сілтеме жасап. 

Мұхаммед Әли Финикстегі ауруханалардың бірінде қайтыс болды. Америкалық телекомпанияға боксшының қайтыс болғаны туралы мәліметті туыстары растаған.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын боксшының тыныс алуы қиындап, ауруханаға жеткізілген болатын. Сонымен қатар, дәрігерлер бүгін спортшының өлім аузында жатқанын хабарлады.

 

Дереккөзkaz.tengrinews.kz


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x