М.Тайжан: «Үш атасы Қазақстанда туғандар жерді жалға алсын»

Dalanews 25 мам. 2016 05:55 181

Жер реформасы жөніндегі комиссияның жанынан құрылған Құқықтық, экономикалық және ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Мұхтар Тайжан үш атасы қазақ жерінде туылған ел азаматы жерімізді жалға алсын деген ұсыныс айтты, – деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

– Бүгінгі күн тәртібінде біз екі мәселені қараудамыз. Жерді жалға береміз бе және жерді шетелдіктер жалға ала ма? Өз басым жерді белгілі бір шектеумен, көлеммен және мерзіммен жалға беруіміз керек. Алайда, үш атасы өз елімізде туылған азаматтар ғана жерді жалға алу құқы берілу керек деп ойлаймын, – деді М.Тайжан.

Сондай-ақ, жұмыс тобының жетекшісі өз ұсынысында жерді жалға беруге қатысты көптеген пікірлерді атап өтті.

– Соның бірі – егер жерді жалға алған азамат 3 жыл ішінде жерді ешбір өңдей алмаса, оның жері мемлекетке қайтарылуы керек. Сол сияқты, жердің құнарлылығын жоғалтып, тоздырған жалға алушылар да жауапкершілікке тартылғаны жөн, – деді жұмыс тобының жетекшісі.




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x