Төреғали «Айқыннан» неге бас тартты?

Dalanews 24 мам. 2016 08:20 130

Жуырда Алматыдағы Республика сарайында Төреғали Төреәлінің «Қазақ қызға үйленем» атты жеке шығармашылық кеші өтті.

Бұл Төреғали Төреәлінің бірінші рет өткізіп отырған кеші емес. Әрбір аялдамада, әрбір көше бойында ілінген жарнама халықты елең еткізбей қоймады. Осымен арман қала Алматының өзінде екінші рет өтіп отыр. Бірақ әнші жігіттің кеші болар алдында оның пиар-менеждері Фариза есімді бойжеткенге қоңырау шалдық. Мақсат – әншімен кеш алдында аз-кем тілдесу. Хабарласқанымызды қайтейік, сөзіміздің соңына дейін тыңдамастан, тұтқаны қоя салды. Тілшілермен неге тілдескісі келмеді? Бұл әншінің көзқарасы ма, әлде менеджерінің қалауы ма?

Ұққанымыз – әнші газетке сұхбат беруден қашатын секілді. Не себепті? Соңғы кездері мұндай үрдіс әншілердің арасында көбейіп кетті. Сонда олардың қазақ басылымдарын менсінбегені ме? Тіпті кейбірі газет оқымайтындықтарын, қазақ баспасөзінен мүлдем хабарсыз екендіктерін жасырмайды. Бұл не? «Жұлдыздық» па, әлде менмендік пе?

Төреғалидың жұлдыз «ауруына» шалдыққаны алғаш емес. «Алло» әніне байланысты да қоңырау шалып, хабарласа алмағанбыз. Онда да телефон тұтқасын көтерген «көмекшілері» газет тілшісімен тілдесе алмайтындығын жеткізген еді.

Халықтың көзі, құлағы, һәм тіліне айналған қазақ баспасөзі Төреғалиға керек болмаса, Төреғалидың да қазақ журналистеріне қажеті бар ма? Телеарналардан жиі «жылтыңдаса» өздерін жарық жұлдыз санайтындар көбейіп тұр. Кейде әншілердің осылай «ауруға» шалдығуына өзіміз кінәлі секілдіміз. Жарқыратамыз деп сары мысты алтынға айналдырып аламыз да, оның алтын емес, мыс екенін көпке дәлелдей алмай қалатынымыз тағы бар.

Төреғали да, өзге әншілер де өздерін насихаттауға қазақ баспасөзі, оның ішінде қазақ журналистері мүдделі екенін ұмытпаса екен дейміз. Әйтпесе, орыс тіліндегі ақпарат көздері де, орыстілді БАҚ-та қазақ насихаттауға мәжбүр емес.

 

Жадыра ПЕРДЕБАЙҚЫЗЫ

 

Дереккөзі: «Айқын» газеті


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x