Бас прокуратура жер дауына қатысты арандатушыларға қатаң ескерту жасады

Dalanews 29 сәу. 2016 00:46 277

Осы аптада әлеуметтік желілерде шетелдіктерге жер сатылатыны туралы ақпарат тарап кетті. Бас прокуратура мұндай жалған ақпаратты таратушыларды тауып, жазаға тартатынын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Бас прокуратура соңғы кездері БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде ауылшаруашылық жерлері шетелдіктерге сатылады деген арандатушылық мақсаттағы жалған ақпарат тараған. Бұл әрекеттерде ұлтаралық және әлеуметтік алауыздық тудыру белгілері бар. Осыған байланысты бас прокруатура ескертеді: бұл әрекеттер заңды өрескел бұзу болып табылады және кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылуы мүмкін», – дейді құзырлы мекеме.

Елдің жоғарғы бақылу органы ретінде бас прокуратура барлық тұлғаларды мұндай әрекетке бармауға шақырды.

«Бүгінде барлық азаматтарға айтарым, әсіресе журналистер мен желі парақшаларының иелеріне, заңды бұзбауларыңызды сұраймын», – дейді бас прокуратураның жаңа басшысы Жақып Асанов.

Бас прокуратура прокурорлық бақылауды күшейтетінін алға тартты.

«Мен прокуратураның барлық аймақтық органдарына бұл саладағы құқық бұзушылықтарды уақытылы анықтап, оларға тосқауыл болуды тапсырдым. Құқық қорғау органдары жедел түрле кінәлілерді тауып, қылмыстық жауапкершілікке дейін тартатын болады», – дейді Асанов.

Еске салсақ, Қазақстан президенті де шетелдіктерге жер сатылады деген ақпарат таратқан арандатушыларды жазалау керектігін мәлімдеген болатын.

 

 

Дереккөз: Nur.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x