Чернобыль апаты – ел есінде

Dalanews 26 сәу. 2016 08:21 260

Алматы қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен «Чернобыль» атом электр станциясында орын алған апаттың 30 жылдығын атап өту мақсатында   Жамбыл мен А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан «А.Байтұрсынұлы» саябағында аппаттың зардабын жоюға атсыласқан ардагерлердің құрметіне арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Румиль Тауфиков, Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы М.Ахетов, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғ. Өтелбайұлы, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Бас консулының орынбасары М.Клюкина, «Қазақстан Республикасы Чернобыль Ардагерлері Одағының» президенті Р.Абдыкаримов пен Ауған соғысының ардагерлері қатысты.
Сонымен қатар, Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарында, жалпы білім беру мекемелерінде апат салдарын жоюға қатысқан ардагерлердің жастармен 70-ке жуық кездесулері ұйымдастырылып, құрмет көрсетілді.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының


ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x