Alma University – V Алматы марафонына қатысады

Dalanews 23 сәу. 2016 10:05 265

алма университетАлматы Менеджмент Университетінің ұстаздары мен студенттері Алматыда өтетін ауқымды марафонға дайындығын пысықтады.

Нақтырақ айтсақ, аталған аламанда 600-ден астам  студент және 80-ге жуық оқытушылар бақ сынайды! AlmaU атынан марафонға барлығы  700 қатысушы тіркелгенін айта кетелік! Бұл қатысушылары саны жөнінен марафонға  шығатын ең үлкен  университеттік команда болады.
Осы арқылы AlmaU студенттері  өздерінің бұқаралық спортқа деген құлшыныстарын паш етпек. Университеттің белсенділігі өз кезегінде спортпен айналысуға ұмтылып жүрген басқа да жастарға үлгі болары анық.

Университеттің аталған марафонға белсенділікпен атсалысуы сөзсіз, өзге де оқу орындарын бұқаралық спортты университеттік деңгейде насихаттауға себепші болады деп сенеміз.

IMG_2540 «Біз өз тарапымыздан осы жарысқа қатыса отырып өзге де оқу орындарына үндеу тастағымыз келеді. Сіздер де бізден қалыспай осынау жарысқа өздеріңіздің ең үздік спортшы жастарыңызды шығарасыздар деген сенімдеміз. Алайда біздің мақсатымыз біреуді басып озу емес, осынау марафонға қатыса отыра – спорттық және университеттік өмірді жандандыру!», - деді бұл ретте AlmaU—дың қаржы және корпоративті даму  жөніндегі проректоры  Руслан Қожахметов.

P.S. Alma University соңғы үш жыл бойына Алматы марафонына тұрақты қатысып келеді. Осы жолғы жарысқа қатысушылардың саны жағынан университет екінші орында тұр.

Майгүл Қондықазақова,


Alma University баспасөз қызметі


Іс-шараның бейнеролигі:


https://www.youtube.com/watch?v=ZciYFCU7czw&feature=youtu.be

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x