Back

Путин Обаманы парасатты адам ретінде атады

Ресей президенті Владимир Путин өзінің “Тікелей байланысында” америкалық әріптесінің Құрама Штаттардың Ливиядағы операциясы қателік болғаны туралы мәлімдемесіне орай осылай деді.

Дегенмен Путин: “АҚШ қателік жасауды жалғастыруда. Мұндай қателікке олар Сирияда да бой алдыруы мүмкін “, – деді.

2011 жылы АҚШ пен өзге елдер бейбіт халықты қорғау мақсатында Ливияның үкіметтік әскерінің шебіне әуеден соққы жасаған болатын. Алайда Ливия көсемін көтерілісшілер өлтірген соң , елдегі жағдай ушығып кетті.Ақырында Ливияның аудандарының бірін “Ислам мемлекеті” террорлық ұйымының содырлары басып алды.

Ресейдің Сириядағы әскери операциясы кезінде халықаралық құқық қорғау ұйымдары Кремльді әскери қылмыстарға барғаны, атап айтқанда мешіттер, базарлар, аурухана мен мектептерді қиратқаны үшін және кассеталық бомбаларды қолданғаны үшін бірнеше рет айыптады. Ұлыбританияның қорғаныс министрі Майкл Фаллон ресейлік ұшақтардың сириялық оппозиция бекінген қалалар мен елді мекендерді шабуылдауы “соғысты созып отырғанын” және президент Башар Асадтың “режмін күшейткені”туралы мәлімдеген.