Алматы ядролық бомбадан қалай аман қалды?

Dalanews 12 сәу. 2016 07:12 220

Алматы ядролық бомбадан қалай аман қалды? Даман мен Жалаңашкөл соғысы 1969-1979 жылдар арасында болған Қытай мен КСРО арасындағы ширыққан шиеленіс кезінде шынымен болуы мүмкін ядролық соғыс қаупіне душар етті.


1969 жылдың қыркүйегінде Бейжің әуежайында КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы Алексей Косыгин мен Қытай премьері Чжоу Эньлайнның кездесуі ядролық жанжалдың алдын алуға себеп болып, екі ел біраз уақыт тынышталғандай болған.


Дегенмен 1970 жылы 24 сәуірде шиеленіс шегіне жетті. Қытай сол күні тұңғыш жасанды Жер серігін ұшырған-ды. Осыдан кейін Кеңес өкіметі Гоби шөліне атом бомбасын тастауға бекінді. Қытай да қарап жатқан жоқ-ты. Сол кезде Лобнордан атқыланатын алғашқы нысан ретінде шекараға таяу Алматы қаласы белгіленіпті.


Дүние демін ішіне тартып, бір сұмдықты күткен еді. Астана жұрты күнделікті күйбең тіршіліктің соңында жүріп, жаналқымнан төніп тұрған қауіпті сезінбегенмен, жоғары жақ мұрнының ұшымен қимылдап жатқан. Көп қабатты үйлердің жертөлелері бомбадан тығылатын орындарға айналдырылып жатты.


Шекарадан бері қарай ағылуы мүмкін босқындардың алдын алу шаралары жүргізілді. Сол кезде Дінмұхамед Қонаевтың оқалы әскерилерді артық қимылдарға барғызбағаны бен өз міндетіне берілген ұлты қазақ чекистердің көзге көрінбейтін еңбектері үлкен рөл атқарды. Құдай сақтап, КСРО мен Қытай басшылығы еріксіз келіссөз үстеліне отыруға мәжбүр болмағанда, кім біледі...


Төреғали ТӘШЕНОВ


 

Дереккөзі: aikyn.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x