Back

Илья Ильин Ермегияевті қолдау үшін сотқа келді

Ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин “Астна ЭКСПО-2017” компаниясының бұрынғы төрағасы, жемқорлық дерегі бойынша сотталып жатқан Талғат Ермегияевті қолдау үшін бүгін сот процесіне келіп қатысты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, аталған сот процесі Астанадағы арнайыландырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта өтіп жатыр.

“Шынымды айтайын, осынау жаңалықты естігенімде жағымсыз күйде болдым. Талғат Ермегияевті білікті басшы ретінде білемін. 2012 жылы онымен жақсы жұмыс істестік, Олимпиаданың екі дүркін чемпионын елге алып елдік. Бұл іс бойынша ешнәрсе білмеймін, айта да алмаймын. Ал, адам ретінде ол өте жақсы кісі, екеуміз дос болдық. Мұндай басшыны бұрын көп көрмегенмін” деді Ильин сот процесіндегі үзіліс кезінде.

Ауыратлеттің айтуынша, ол Ермегияевті тек жақсы жағынан ғана біледі. Лондонда оған артылған тапсырманы Ермегияев асыра орындады дейді Ильин. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы елге 15 медальмен оралды. Бұрын-соңды біздің спортшылар мұндай көрсеткішке қол жеткізбеген.

Естеріңізге салайық, 2012 жылғы Лондон олимпиадасы тұсында Талғат Ермегияев ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы қызметін атқарған болатын. Мұнан кейін ол “Астна ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясына төраға болып ауысты. Ермегияевқа осы компанияның қаржысна қол салды деген айып тағылып отыр.

 

Дереккөзі: sn.kz