Меркель: «Шетел асқан ақша? Вилланы Қазақстанға әкеле алмайсың»

Dalanews 04 сәу. 2016 01:56 204

Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель «Караван» газетіне көлемді сұхбат беріпті.  Сұхбатта «Қазақстаннан шетелге астыртын әкетілген қыруар капитал кері қайта ма, жоқ па?» деген сауалға жауап берген екен. Сол жерін аударып бердік.

 Шынымен, шетелдің банктерінде жатқан, болмаса мүлік ретінде «өңін өзгерткен» миллиардтар қашан қайтады? Бұған Меркель былай деп жауап беріпті. 

– Бұл – өте күрделі мәселе. БҰҰ-ның аясында коррупцияға, трансұлттық қылмысқа және есірткіге қарсы конвенциялар бар. Бірақ, бұл құжаттар ұсыныс негізінде жүреді және көп елдер бұларды қолдануға келісе бермейді. Осы конвенциялар аясында қанша жерден жұмыс істеуге тырысқанымызбен, түк шығара алмадық. Шетелге кеткен ақшаны қайтару үшін екіжақты келісімшарттар керек.
Жақында Ұлыбританиямен дәл осындай келісімшартқа қол қойдық. Бұл құжатта капиталды қайтаруға қатысты тиісті нормалар бар. Соған сай мемлекеттің қаржысы ұрланған болса, ол толықтай қайтарылады. Бірақ, оны бір күнде орындай алмайсың. Мемлекеттен ұрланған ақшаға негізінен жылжымайтын мүлік алынып қойған, ақшаны соған салған. Ал алып вилланы Қазақстанға әкеле алмайсың. Оны сатпас бұрын, алдымен бағалау қажет. Бұл – үлкен жұмыс.

  Шетелге кеткен ақшаны ақыр түбінде қайтаруға болады. Бірақ, бұл үшін алдымен ол ақшаның шынымен де мемлекетке тиесілі екенін және Қазақстаннан заңсыз алынып шығарылғанын дәлелдеуге тиіспіз. Бұл да – ұзақ жұмыс. Кедергілер көп. Өйткені әр елдің заңы басқа.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x