Жария ету акциясы арқасында балабақша ашылды

Dalanews 27 нау. 2016 02:31 266

Жария ету акциясының арқасында Зайсан ауданында тағы бір балабақша ашылды. Ұзақ жылдар бойы ғимаратты иесі заңдастыра алмай жүріпті.

— Аудан тұрғыны әр түрлі инстанцияларда қиындықтармен кездесіп, нысанды заңдастыра алмаған. Әр мекеменің өзінің қарау мерзімдері, талаптары бар, бұл өз қатарынан балабақашаның ашылуын шеттете берген. Мемлекеттің берген бірегей мүмкіндігін пайдаланып, өтініш беруші балабақаша ашылды Мен тек қана бір мысал негізінде жария етудің артықшылығын айтып отырмын. Бұл шара аясында бұданда басқа көптеген игілікті істер жүзеге асқанына сенімдімін. Тұрғындар хабардар болу үшін облыстың мемлекеттік кірістер органдарымен жергілікті орындаушы органдарымен бірлесе отырып, жария ету бойынша белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізуде, – деді Роза Сейльханова баспасөз мәслихатында. Аягөз ауданының да бір тұрғыны осындай жолмен коммерциялық нысанын заңдастырып алған.

Жалпы, Шығыс Қазақстанда жария ету науқаны басталғаннан бері жеке азаматтардан мүлікті заңдастыру бойынша 2 мыңнан астам өтініш түскен. Жария етуге ұсынылған мүліктердің жалпы құны 9 миллиард теңгеден астам.

Берік ТОЙБОЛДЫҰЛЫ, Шығыс Қазақстан облысы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x